Жаңалықтар

Жаңалықтар4 қыркүйек 2026

«Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» атты XIV Конгреске шақырамыз

Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (КеАҚ) бірлесіп халықаралық қатысумен өтетін «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» атты XIV Конгреске қатысуға шақырады. Конгресс 2027 жылғы 15–17 сәуірде Астанада (Beijing Palace Soluxe Hotel Astana, Сығанақ көшесі, 45) гибридті форматта — онлайн-трансляциямен қатар тікелей қатысу түрінде өтеді.